newWidget
Ғажайыпқа толы жетіген - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Ғажайыпқа толы жетіген

Ғажайыпқа толы жетігенӨтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Күні, Басталуы:

  • 27 қыркүйек, 2022 жыл - 19:00
  • 8 қазан, 2022 жыл - 17:00

 Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Жетіген өзінің акустикалық қасиетімен қайталанбас ерекше дыбыс шығарады. Бұл аспаптың тыңдаушылар арасында үлкен және шынайы қызығушылық тудыратыны таңғаларлық.

«Ғажайыпқа толы жетіген» кешінде жетігенді жан-жақты естуге болады. Концерттік бағдарламада қазақ музыкасының дәстүрлері мен олардың заманауи өңдеулерін көрсететін шығармалар, Ықыластың «Жез киік», Дәулеткерейдің «Көрегұлы», Динаның «Науысқы», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Ермұрат Есеновтің «Майра», Шолпан Қорғанбектің «Жүрек сыры», Поль де Сенневильдің «Wedding in the dream», Константин Шахановтың «Кельтские танцы» және т.б. отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары енгізілген.

Концерттің жеке орындаушысы – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің әртісі Гүлдана Нұрабаева.

Гүлдана Нұрабаеваның шығармашылық жетістіктерінің қоржынында ондаған халықаралық және республикалық байқаулардағы жеңістері, Қазақстанның жетекші телеарналарының танымдық бағдарламаларына қатысуы, сондай-ақ «Жетігенге арналған хрестоматия» авторлық жинағы бар.

Әртістің айтуынша, жетіген – ерекше бірегей әуезді аспап.

«Жетігенге арналған шығармалар аз: бірнеше ғана жинақ бар. Сондықтан мен хрестоматияға енген әйгілі шығармаларды жетігенге ыңғайлап жасауды ұйғардым.

Бұл аспапта классика да, халық музыкасы да керемет естіледі деп санаймын», − деді ол.

«Қорқыттың» көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек жас талантты әртіс Гүлдана Нұрабаеваны жеке орындаушы ретінде көпшілікке таныстыруды көптен жоспарлап жүргенін атап етті.

«Концерттің маңызды идеясы – жеке аспап ретінде жиі естілмейтін қазақтың шертпелі көне аспабы жетігенді насихаттау», - деп толықтырды Шолпан Қорғанбек.

«Қорқыттың» бірегейлігі оның әрбір әртісінің бір емес, бірнеше аспапты меңгеруінде. Осындай әмбебаптылық арқасында этно-ансамбль халық музыкасын кез келген құраммен орындай алады. Ал сахнадағы мульти-аспапшылардың шеберлігін көрген көрермендер күшті әсер алады.

banner