newWidget
Алтайдан ауған ел - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Алтайдан ауған ел

алтайдан ауған ел/ Театр им. Куанышбаева

Сахналық нұсқасының авторы: Мирас Әбіл

Режиссер: Фархад Молдағали

Сценография: Қанат Мақсұтов

Костюм суретшісі: Алма Сырбаева

Композитор: Олжас Жақыпбек

Лейтмотив авторлары: Алмахан Кенжебекова, Ермұрат Зейіпхан

Хореограф: Шырын Мұстафина

Хормейстер: Ержан Сансызбаев

Жас ерекшелігі: 16+

 

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай
 
Қиын-қыстау кездерді бастан кеше жүріп, тағдырдың сан қилы ауыртпалығына мойымай, Алтайдан Анадолыға дейінгі азапты жол, қаралы көште қанқұйлы тағдыр кешіп, бозбала боп аттанып, Тәуелсіздік алған туған еліне ақсақал боп оралған ұлтымыздың ардақты азаматы Халифа Алтай бас кейіпкердің біріне айналған бұл қойылым қиямет қайым күндерді, зұлмат жылдарды өткерсе де, қазақ халқының адамдықтан айнымай, тектілігін жоғалпағанын, діні мен ділін, дәстүрі мен салт санасын берік ұстанғанын сөз етеді.
 
Халифа Алтай: Біздерге «сатқын», «қашқын» деп қарайтынын да жанымыз сезетін. Осыны ойлағанда көңіліміз алай-дүлей болады. Бірақ біз бір шыбын жан үшін елден, жерден еріксіз ауған пенделер едік. Атажұрттан алыстаған сайын ел мен жердің қадірін де біле түсеміз. Ең болмаса бір уыс топырақ та қалтамызда жүрмеді, санамызды сағыныш қана биледі. Туған жерді бойтұмардай көңіліміздің түкпірінде сақтадық. Алдында айыбымыз болса айт, атамекен! Күндердің күнінде ақ-қарамыз ашылып, кінәсіздігімізге келер ұрпақтың көзі жетер.
 
Хасан Оралтай: 1960 жылдың аяғында Ыстанбұл қаласының Зейтінбұрны ауданының көшесінде кетіп бара жатыр едім, қарт бір қазақ әйелі: «Қарағым, Қасенбісің? Жігіт болыпсың ғой!»-деп келіп бетімнен сүйді. «Қалибек Хакім аман ба? Қайран жарықтық, елдің алдында жалғыз жүріп  отырып, Үндістанға жеткізді ғой! Осының бәрі – сол кісінің арқасы»,- деді. Ол Құдайға, ал оған ерген ел де бір білгені бар шығар деп Қалибек Хакімге сенуші еді. Бұл сенім, яғни, Аллаға және басшыға деген сенім, елден осылай аууға, Такламакан шөлінен өтуге, Гималай тауынан асуға, сонау Түркияға дейін баруға жеткізген күш еді.
banner