Өтетін орны: Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10
Автор: Қ. Жүнісов
Премьера күні: Қыркүйек, 2014 жыл
Режиссёр: Дәурен Серғазин — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Актерлар: Нұрлыбек Төлеген, Данияр Оразаев, Мәдина Май ж/е т.б.
Жанр: комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 50 мин
Қосымша:
Кейіпкерлер:
Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов
Балетмейстер – Анар Жүсіпова
Әуенін өңдеген – Жандәулет Батай
Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл – албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім, шынайы сезім шығар...
Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.