Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл – албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім, шынайы сезім шығар...
Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Қанат (оқушы) – Нұрлыбек ТӨЛЕГЕН
Данияр УРАЗАЕВ
Нұрбек ӘДІЛБЕК
Гүлзат (жас мұғалім) – Мадина МАЙ
Қаламқас МЕЛИСОВА
Қайыржан (оқушы) – Ербол ТЛЕУКЕНОВ
Мейірғат АМАНГЕЛДИН
Айтгүл (оқушы, староста) – Айман ЕСЕНҚЫЗЫ
Сайра (оқушы) – Наурыз САБАҒАТОВА
Жасболат(оқушы) – Мейірғат АМАНГЕЛДИН
Ербол ТЛЕУКЕНОВ
Еділ (оқушы) - Айсұлтан ЖӘЛИЕВ
Ержан (оқушы) – Данияр УРАЗАЕВ
Нұрлыбек ТӨЛЕГЕН
Айбол(ересек жігіт) – Әділ АХМЕТОВ
Бекжан КЕРІМБАЕВ
Батыр (жас жігіт) – Азамат ЭСҚҰЛОВА
Елдос ШАЙКЕНОВ
Ырымтай Құлжабайұлы (мектеп басшысы) – Жандаулет БАТАЙ
Катя (Гүлзаттың сіңілі) – Диана СМАҒҰЛОВА,
Қаламқас МЕЛИСОВА