newWidget
«Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай»

Бұл  спектакльде  бүкіл  қазақтың  басын  қосып, бір  тудың  астына  жинаған  Абылай  ханның  балалық  және  жастық  шағы  баяндалады. Қалмақтар  әкесі  Уәлидің  хан  сарайына  шабуыл  жасап, басып  кіреді, ханның  өзін, оның  ұрым  бұтағын  қырып  салады. Жөрнектегі  Әбілмансұрды /Абылайдың шын  есімі/ анасы  жасырын  түрде  Оразға  аманат  етіп  тапсырады: Тәрбиелеп  өсір, ертең  аман  болса  қазақтың  ханы  осы  болады, - деп.

Қуғындалып, жасырынып  жүріп  Ораз  Әбілмансұрға  /жаулары  біліп  қоймасын  деп, Төле  бидің  түйесін  бақтырып, атын  Сабалақ  қояды/ әке  орнына  әке, шеше  орнына  шеше  болып  өсіріп, тәрбиелеп, шынықтырып, үлкен  азамат  болуына  әсер  етеді.

Қалмақ  қазақ  елін  жаулап  алып, қиянаттық  жасайды, сондай  бір  сәтте, Әбілмансұр  қалмақтың  батыры  Шарышты  жекпе-жекте  жеңіп, Әбілмансұр  «Абылай»  деп  ұран  салып  қазақтың  батыры, соңынан  ханы  болады.

 

 

 

banner