newWidget
Жылы орын - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Жылы орын

XIX-ғасырдағы әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі А.Н.Островскийдің  «Жылы орын» (Доходное место) туындысы күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Шындық пен әділдік үшін күрескен жас буынның жан айқайы мен билік басындағылардың өзара ойыны суреттелетін туындының айтары көп.
123
Ағасынан қызмет сұрап барған  Жадовтың басынан өткен қиындықтар  арқылы, айналасындағы адамдардың көрсе қызарлығымен ақшаның жолында  ар-ожданын жалаңаштайтынын көруге болады. 
123
«Билікке жету үшін білімнің қажеті жоқ,  ең бастысы жақсы тіреуің мен танысың болса болғаны»,-деп  есептейтін, оңай  жолмен келген ел қазынасын ішіп жеуінен басқаға жұмсамайтын шенеуніктердің өмірі суреттеледі.
123
Вышневскийдің  көрер көзге сыртқы  сұлулығын  көрсету үшін ғана  үйленген әйелінің жан-дүниесін толғандырған не? Жақсы өмір сүруі үшін  армандарымен қоштасып, ағасынан қызмет сұрауға қайта барған  Жадов   неге куә болды?  Шындық, әділдік сынды құндылықтар Жадовтың жақсы  тұрмыс кешуіне  көмектесе ме?
123
Өмір мен қоғам талқысындағы осынау өзекті мәселелерді А.Н.Островскийдің  «Жылы орын»  әлеуметтік комедиясынан көруге болады.
123
Актерлар:
  • Василий Николаевич Жадов − Бибол Байғараев, Асылхан Төлепов «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Алмаз Абденов
  • Аристарх Владимирович Вышневский − Қазбек Есқара, Абзал Арапов
  • Анна Павловна Вышневская − Инабат Ризабекова, Альбина Хамидуллина
  • Аким Акимович Юсов − Оразалы Игілік, Ақеділ Иманғали
  • Полина − Нұрай Рысбекова, Арелана Амангельдиева
  • Юлинька − Гүлдана Әбдісадық, Сабира Сүгірова
  • Фелисата Герасимовна Кукушкина − Альфия Хайзуллиева, Дана Қабылова
  • Анисим Панфилович Белогубов − Алихан Әлішер, Азамат Болатов
  • Досужев − Мухамедсаид Бағашаров, Саламат Мұқашев
  • Василий − Дидар Төлегенов
banner