newWidget
«ÁN - AMANAT» Гала - концерті - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«ÁN - AMANAT» Гала - концерті

Venue: Pavlodar, N. Nazarbayev Ave., 1

Date: December 14, 2022

Time: 19:00

Turak: bar

Age category:

Additional:

 

 

 

 

 

2022 жылдың 14 желтоқсанында, сағат 19.00 -де, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында өңіріміздің дәстүрлі әншілерінің қатысуымен «ÁN - AMANAT» атты мерекелік концерті өтеді.
 
Ұйымдастырушылар:
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы.
Бұл бұрын соңды болмаған екі ғасырдың дәстүрлі әншілерін тоғыстыратын кеш,филармония басшысы Қожанов Амангелді Қасенұлының 2020 жылғы бастамасы. Жоба жетекшісі Мұқанова Гүлсәмиға Егешқызы екі жылдан аса уақытта өңіріміздің көптеген жерлеріне барып, филармониямыздың дәстүрлі әншілерімен бірге кездесулермен жобаны іске асырауда біраз жұмыстар атқарды.Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген әр әнші бұл кеште өз ән қоржынындағы шоқтығы биік әндерді сүйікті көрерменге тару етпек.
Кештің арнайы қонағы республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бекзат Абельдин, ең жас дәстүрлі әнші Даниял Рахметолла және облысымыздың дарабоз әншілері, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Сұңғат Көпежанов,Сәуле Мүсипова, Салтанат Қисатова, Тәттімбет Жасқайратұлы, Құнанбай Жалын,Бейбітхан Есім, Ақжол Әбдіреев, Ербақ Құрметжан, Дәуренбек Слямғали, Шунан Жайдар, Әсел Ботаева, Назымгүл Шапағат, Жанерке Маукенова, Жанболат Байсолтан, Бөкен Жігер, Нұрбол Мұхит, Айдын Канапин, Ризахан Кабиев, қатысады.
Рухани азығы мол бұл кеште халық әндерімен қатар Естай, Иманжүсіп, Жаяу Мұса,Майра Уәлиқызы, Біржан сал, Ақан сері, Иса Байзақов, Ғазиз, Сакен Сейфуллин, Кенен Әзербаев сынды қазақ ән өнерінің майталмандарының шығармалары орындалады.

banner